Журнал «Интернаука»
№ 31 (254), 2022 г.
13
Осылайша, Microsoft Visual Studio құралы
арқылы керекті мәліметтерді деректер қорынан ала
отырып, белгілі бір мекеменің ақпараттық жүйесін
жасақтауға болады.
Қорытындылай келе қазіргі таңда кез-келген
ақпараттық жүйенің негізін мәліметтер базасы
құрайды. Көпөлшемді деректер базасының көмегімен
мекеменің ақпараттық жүйесін жасау үшін белгілі
бір ДҚБЖ таңдау ақпараттық жүйенің функционал-
дығына және жобалық шешімдерге айтарлықтай
әсер етеді. Деректер базасының қолданылу аймағы
өте үлкен және әзірлеуші қай ДҚБЖ-ны пайдалану
жағынан таңдау жасайды. Әр түрлі деректер
көздеріне қолдау көрсету қажет болған жағдайда
мәселе күрделене түседі, және осы деректер
көздерінің әрқайсысы деректерді бірге сақтай және
өңдей алады. Сонымен қатар, әртүрлі бағдарламалау
тілдерінде белгілі бір ДҚБЖ-мен жұмыс істеу үшін
әртүрлі қолдау бар. Яғни, ДҚБЖ-нің көпшілігінде
деректерді өңдеудің және әртүрлі бағдарламалау
тілдерінде ақпаратты өңдеу әдістерінің сәйкессіздігі
әлі де бар.