|
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
бірінші кезектегі шараларды жоспарлауды талдауBog'liq Интернаука 31(254 2)
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
бірінші кезектегі шараларды жоспарлауды талдау
4.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі
себептерін анықтау мақсатында талдау
5.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты
арнайы мәселелерді терең талдау
Бұл талдау өндірістегі жазатайым оқиғалардың
себептерін жан-жақты зерделеу және оларды кешенді
бағалау немесе өндірістік тәуекелдердің жаңа
түрлерін (түрлерін) анықтау мақсатында жүргізіледі.
Өндірістік жазатайым оқиғаларды талдаудың
аталған түрлері белгілі бір ұйымнан, саладан
немесе аймақтан тұтастай мемлекетке дейін әртүрлі
деңгейде жүргізілуі мүмкін.
Зерттеу әдістемесі мен материалдар.
Іс жүзінде
өндірістегі жазатайым оқиғаларды талдау үшін
оларды тудыратын себептерді анықтау және жою
мақсатында статистикалық әдіс және монографиялық
әдіс қолданылады.
1. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды талдаудың
статистикалық әдісі
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды талдаудың
статистикалық әдісі өндірісте орын алған жазатайым
оқиғаларды
тіркейтін
құжаттар
бойынша
жарақаттану себептерін зерделеуге негізделген.
Статистикалық әдістің түрлері: а) топтық және
Б) топографиялық болып табылады.
а) Өндірістік жарақаттарды талдаудың топтық
әдісі жарақаттың ауырлығына қарамастан жазатайым
оқиғалардың жиілігіне негізделеді.
б) Өндірістік
жарақаттарды
талдаудың
топографиялық әдісі олардың пайда болу орнындағы
жазатайым оқиғалардың себептерін зерттеуден
тұрады.
2.
Өндірістік
жарақаттануды
талдаудың
монографиялық әдісі
Өндірістік
жарақаттануды
талдаудың
монографиялық әдісі жазатайым оқиға болған
жағдайлардың барлық кешенін егжей-тегжейлі зерт-
теуді қамтиды: Еңбек және технологиялық процестер,
жұмыс орнын ұйымдастыру, негізгі және қосалқы
жабдықтар, өңделген материалдар, қолданылатын
шикізат, жеке қорғаныс құралдары, өндірістік орта
және т. б. осындай талдау нәтижесінде жазатайым
оқиғалардың себептері ғана емес, сонымен қатар
жазатайым оқиғалардың ықтимал қауіптер мен
зияндары, себептері де анықталады.
|
| |